Әлем

Телефонды суға түсіріп алған. Панкратионнан Ресей чемпионы ваннада көз жұмды

Оқиға 8 желтоқсан күні болды. Қызды шомылып жатқанда тоқ соққан
Sputnik

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Панкратионнан Ресей чемпионын ваннада тоқ соғып, көз жұмды. Бұл туралы РИА Новостиге Панкратион федерациясы Ангарск бөлімінің басшысы Әбдуләтіп Қазбеков хабарлады. 

Оқиға 8 желтоқсан күні болған. Оның айтуынша, қыз ваннада қуаттағышқа қосулы тұрған телефонмен сөйлескен. 

"Ол телефонды абайсызда суға түсіріп алып, тоқ соғып қаза болды", — деп хабарлады агенттіктің ақпарат көзі.

Қазбеков федерация қыздың туыстарына көмек көрсету туралы мәселені қарастыратынын айтты.