Видео

"Ғалам аруы" байқауында қазақ қызы салмағы 30 келі костюм киіп шықты - видео

"Ғалам аруы" сұлулық байқауының ең айшықты кезеңдерінің бірі – ұлттық костюмдер көрсетілімі
Sputnik

Қазақстандық Сабина Әзімбаева жауынгер қыздың алтынмен апталған киімін киіп, алып қанатын жайып сахнаға шықты. Образ авторларының идеясы бойынша Алтын жауынгердің костюмі "Рухани жаңғыру" бағдарламасымен үйлеседі.

Бірақ мұндай әдемі костюмді киіп, сахнаға шығу оңай болмаған сияқты: салмағы 30 келі костюмді тігуге екі ай кетіпті.

Киім эко былғарыдан тігіліп, ұлттық ою-өрнектер және Сваровски тастарымен безендірілген.