ШЫМКЕНТ, 10-желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде 5 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанның өңірдегі тілшісі.
Алғашында баланың әке-шешесі оның екі қабатты кереуеттен құлап түскенін айтқан. Десе де, сот-медициналық сараптаманың алдын-ала қорытындысы бойынша сәбидің дене жарақатынан қайтыс болғаны анықталды.
"Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", — деді Сәденова.
Полицияның хабарлауынша, баланың өліміне күдікті ретінде өгей әкесі ұсталып отыр.