Видео

Мәнерлеп сырғанаушы қыз екі метр биіктіктен баспен құлады - видео

Мұзға баспен құлағаннан соң спортшы қыз бір сәтке есін жоғалтып, қойылымды әрі қарай жалғастырды
Sputnik

Америкалық жұп Эшли Кейн мен Тимоти Ледук Загребтегі (Хорватия) жарысқа қатысып жатқан болатын.  Жігіт қызды биікке көтерген кезде, байқаусызда құлатып алды.

Видеода Эшли Кейннің екі метр биіктіктен мұзға баспен құлағанын көруге болады. Мәнерлеп сырғанаушы бір сәтке есін жоғалтып, бірақ, абырой болғанда, тез тұрып кетті. Жұп қойылымын аяқтаған соң ғана, спортшы қызға жәрдем көрсетілген.

Кейінірек белгілі болғандай, Эшли мойын жарақатымен ауруханаға түсіп, көп ұзамай әрі қарай ем алу үшін үйіне шыққан.