Өңірлер

"Астанада жаңбыр жауады..." Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Қазақстанның оңтүстігінде тұманға байланысты дабылды ескерту жарияланды
Sputnik

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда сейсенбі 11 желтоқсанда қандай ауа райы болатынын хабарлады.

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, оңтүстік циклон салдарынан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жауын-шашын түседі, ал республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман, көктайғақ және боран.

Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланған, мұнда 11 желтоқсанда тұман болады.

Алматы облысында кей жерде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында дауылды жел соғады, ұйытқуы 28 м/с.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерде желдің екпіні 20 м/с. Елдің шығысында төменнен соққан боран болады.

Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерде боран және тұман, Қарағанды облысында кей жерде көктайғақ.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ. Қызылорда және Қостанай облыстарында синоптиктер тұман түседі деп болжады.

Gismeteo.kz порталының мәліметінше, Астанада сейсенбі күні ауа температурасы сегіз градус аяз, күндіз – алты градус суық. Сонымен бірге аздап жаңбыр жауады.

Алматыда 11 желтоқсанда түнде – минус екі градус, күндіз – екі градус жылы. Жауын-шашын түседі.

Шымкентте ауа температурасы түнде екі градус жылы, күндіз сегіз градусқа дейін көтеріледі. Күн бұлтты болады.