АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Суданның шығысында ұшақ апатынан кем дегенде бес адам ажал құшты.
Қайғылы оқиға Гедареф штатында болған, деп хабарлайды Рейтер мемлекеттік телевидениеге сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарламасына сүйенсек, ел үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктері қаза тапқан.
Құрбандар арасында — штат губернаторы мен ауыл шаруашылығы министрі бар.