Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 желтоқсан

Бұл – Григориан күнтізбесінде 344-ші күн. Жылдың соңына дейін 21 күн бар
Sputnik

10 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

10 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Бүгін Дүниежүзілік футбол күні аталып өтеді. Мереке ресми мәртебеге ие болмаса да, өте маңызды оқиғаға айналды. Футбол әлемдегі ең танымал ойын, оның бірнеше мың жылдық тарихы бар. Ежелгі Қытайда (Чжу-Кэ), Спарта мен Римде (Харпастум) доп тепкені жайлы жиі айтылады. 1930 жылдың шілдесінде Уругвайда алғашқы әлем чемпионаты өткізілді. 

Сондай-ақ бүгін Адам құқықтары күні аталып өтеді. 10 желтоқсан кездейсоқ таңдалмаған, осы күні 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларациясы (Universal Declaration of Human Rights, UDHR) қабылданып, жария етілді. Дәуір құжаты әр адамға оның нәсіліне, жынысына, тіліне, діни, саяси немесе өзге наным-сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне қарамастан тең құқық береді.    

 Ал бүгінгі кешті тағы бір керемет мереке – Терезеде отыру күнін атап өте отырып өткізуге болады. Бұл "жұмысты" ересектер мен балалар жақсы көреді. Өйткені терезенің алдында отырып, көшеде асығып бара жатқан жаяу жүргіншілерді көру – өте қызықты жұмыс.

Швецияда бүгін Нобель сыйлығы тапсырылады, бұл шара жыл сайын Альфред Нобель қайтыс болған күні өткізіледі. 

10 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1768 жылы Лондонда Корольдік өнер академиясы құрылды;

1848 жылы Луи Наполеон Бонапарт Франция Республикасының алғашқы президенті болып сайланды;  

1828 жылы Санкт-Петербургте Технология институтының негізі қаланды;

1901 жылы алғашқы Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтті; 

10 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1930 жылы Алматыда республикадағы бірінше Қазақ мемлекеттік медицина институты (ҚазММИ) ашылды;

1946 жылы Қаратау тау-химия комбинаты іске қосылды;

1983 жылы Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қуыршақ театры ашылды;

 1991 жылы Алматыда ашылған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атауға шешім қабылдады;

1993 жылы "Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды;

1997 жылы Ақмола қаласы (қазіргі Астана) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

10 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1821 жылы орыс ақыны, жазушы және публицист, орыс әдебиетінің классигі Николай Некрасов дүниеге келді. 1847 жылдан  1866 жылға дейін – "Современник" әдеби және қоғамдық-саяси журналының жетекшісі, 1868 жылдан бастап – "Отечественные записки" журналының редакторы;

1901 жылы кеңестік сайқымазақ, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Михаил Румянцев дүниеге келді;

1918 жылы кеңестік хоккейші, футболшы және жаттықтырушы Анатолий Тарасов дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері; 

1964 жылы кеңестік және украиналық әнші Таисия Повалий дүниеге келді. Украина халық әртісі (1997). 2012-2014 жылдары Украинаның халық депутаты. 

10 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1910 жылы қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген шахтері Файзолла Серғазин дүниеге келді;

1945 жылы бұрынғы қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев дүниеге келді;

1922 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының батыры, Семей қаласының құрметті азаматы Николай Силин дүниеге келді;

1955 жылы режиссер, продюсер және сценарист Ардақ Әмірқұлов дүниеге келді;

1956 жылы бесінші шақырылған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Өз мақсатыңызға жету үшін бар күш-жігеріңізді салуға тырысыңыз, бөтен адамның кеңесіне құлақ салмаңыз, не керек екенін өзіңіз жақсы білесіз. Әрине, кешке қарай шаршай бастайсыз, алайда сіз қысылатын ештеңе жоқ, қайта атқарылған жұмыстан ләззат аласыз.