АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Сьерра-Леоне елінен келген Мари Эстер Бангура Таиландқа "Ғалам аруы - 2018" байқауына бара жатып жоғалып кетті.
Nacional хабарлағандай, қыз 5 желтоқсанда баруға тиіс болатын, алайда оның қайда екені әлі белгісіз.
БАҚ-тағы ақпарат бойынша, сұлу қыз Таиландқа ұшақпен емес, кемемен баруды жөн көрген болуы мүмкін.
Әлеуметтік желі қолданушылары ару кемеде бір бәлеге тап болды ма деген болжамдар айтып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Esther Bangura (@bangura_esther) 29 Ноя 2018 в 1:53 PST
Мари Эстер Бангураны іздеу әлі жалғасуда.
"Ғалам аруы-2018" Таиланд астанасы Бангкокта 16 желтоқсанда өтуі тиіс. Қазақстанның намысын Сабина Әзімбаева.