Спорт

Юлия Галышева әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды — видео

Тағы бір қазақстандық могулшы Аяулым Әміренова кезеңді 31-орынмен аяқтады
Sputnik

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Финляндияның Рука шаңғы шипажайында фристайлдан өткен әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Галышеваның еншісінде 81,48 ұпай бар. Бірінші орын 82,26 ұпай алған олимпиада чемпионы Перрин Лаффонға, ал үшінші орын 75,85 ұпай алған америкалық Тесс Джонсонге бұйырды. Тағы бір қазақстандық Аяулым Әміренова 17,52 ұпаймен 31-орынға жайғасты.

Ерлер арасындағы могул бойынша Дмитрий Рейхерд жақсы көрсеткішке ие болды — 76,76 ұпай. Павел Колмаков 75,49 ұпаймен 20-орыннан көрінді. Ал Александр Геберт кезеңді 45,36 ұпаймен 55 спортышының ішінде 50-орынмен аяқтады.