Өңірлер

Семейліктер жетім қызды пәтер сыйлап қуантты

Колледж ұжымы Назерке Қостаеваның шотына бір күндік жалақыларын аударған
Sputnik

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған қызға бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйға берді, деп хабарлайды сайты. 

Қазақстанда 4500 жетім бала отбасыларына оралды
Шығыс кентте көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтердың құны — 2 миллион 700 мың теңге. Бұл қаражатты жинау үшін педагогикалық колледждің қызметкерлері Назеркенің шотына бір күндік жалақыларын аударған.

Назерке Қостаева осы оқу орнында "педагогика-ұйымдастырушы" мамандығы бойынша білім алған.

Оқып жүргенде колледждің жатақханасында тұрған. Енді ол өзінің баспанасына қол жеткізіп отыр.