АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер No Puedes Jugar Boxeo Youtube каналына берген сұхбатында Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Showtime мен HBO ұйымдастырған Мэйвезер мен Пакьяо жекпе-жегі есіңізде ме? Головкин ESPN арнасымен келісімшартқа отырса, сіздер DAZN-дегі "Канеломен" жұмыс жасайсыздар ма?" — деп сұрады журналист.
Бұл сұраққа Леффлер "Иә" деп жауап беріп, үшінші жекпе-жекті асыға күтіп жүргенін жеткізді.
"Біз жұмыс істейміз. GGG қай ТВ платформамен келісімшартқа отырғанына қарамастан, жанкүйерлер "Канеломен" үшінші жекпе-жектің болғанын қалайды. Сондай-ақ, олардың екеуі де осыны қалап тұр. Егер бұл жекпе-жек бұрынғыдай жанкүйерлер үшін маңызды болса, міндетті түрде өтетіні сөзсіз", — деді ол.