Қоғам

Қасымов қылмыскерді ұстап берген тұрғындарға ақша төлемек

Жуырда ішкі істер министрлігіндегі және аймақтардағы департамент, бөлімше басшылары қызметтерінен босатыла бастайды
Sputnik

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Ішкі істер министрлігі қылмыскерлерге қатысты жедел ақпарат жеткізгендерге ақша төлейтін болады. Ол үшін көшедегі және қоғамдық орындағы заң бұзушылықты сурет пен видеоға түсіріп полицияға жіберу қажет. Сондай-ақ, Қалмұханбет Қасымов министрліктердегі басшылардың жаппай қысқаратынын айтты. Шамамен 450 лауазымды қызметкер жұмыстан босатылып, миллиардтаған қаржы үнемделмек, деп хабарлайды КТК арнасы

Назарбаев Қасымов туралы: Ол адал да адамгершілігі мол жан
Жуырда ішкі істер министрлігі тұрғындар қылмыскерлер туралы ақпарат жіберетін қосымшаны іске қосады. Мысалы, видео арқылы тыйым салынған жерде шылым шеккені дәлелденген азамат 7 мың 212 теңге айыппұл төлейді. Осы соманың 3 мыңға жуық теңгесі куәгерге сыйақы ретінде беріледі.

"Айыппұлдың 50%-і мемлекетке түседі, 40%-і заңбұзушылық туралы хабар берген адамға беріледі. Ал 10% мобильді қосымшаны жасап жатқан компанияға тиесілі. Азаматтарымыздың 78%-інде ұялы телефон бар. Бұл әдісті АҚШ, Канада сынды елдердің тәжірибесінен алдық", — деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, Қасымов ішкі істер министрлігіндегі және аймақтардағы департамент, бөлімше басшыларының көбі жұмыстан босатылатынын айтты.