Видео

"Ұлы даланың жеті қыры" желісімен: белгілі қазақ композиторы жаңа күй шығарды

Композиторы – Темір Дулат, продюсері – Ілияс Нарғозиев, идея авторы – Оралбек Ботбай
Sputnik

Жаңа қазақ күйі "Қошқар Ата" заманауи стильде өңделген – домбыра мен скрипканың үйлесімді үнін күй авторлары Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында анимациялық музыкалық бейнебаян арқылы таныстырды.

"Ұлы даланың жеті қыры": қысқаша шолу

Туынды идеясының авторы – филантроп Оралбек Ботбай. 

Продюсері – Ілияс Нарғозиев.

"Қошқар Ата" күйінің авторы — ДоВИО дуэтінің солисі Темір Дулат.

Нарғозиевтің айтуынша, музыкалық шығарма Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласындағы үндеуінен туындаған. 

"Елбасы еліміздің мәдени және тарихи рухын көтеруге бар күшін жұмсап жүр. Осы орайда бейнебаянның қосар үлесі зор деп ойлаймын. Жастар мен өскелең ұрпақ күйді тыңдап, әсем саздап, дала мен ата-бабаларымыздың үнінен шабыттанса дейміз", — дейді ол.