Әлем

Мұржаға кептеліп қалған ұры полиция шақыруға мәжбүр болды

22 жастағы жігіт диспансердің шатырына шығып, дәріханаға кірмек болған
Sputnik

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Австралияда жергілікті дәріханаға түспек болған ұры мұржаға кептеліп қалды. Салдарынан  полицияны өзі шақыруға мәжбүр болған. 

Сыбайласын абайсызда есінен тандырып қойған ұры видеоға түсіп қалды

22 жастағы жігіт диспансердің төбесіне шығып, дәріханаға кірмек болады, алайда күтпеген жерден мұржада қалып қойған.  

Қаскүнем мұржаны ғимараттың ішіне кіру үшін қолданғысы келген деген болжам жасалып отыр, деп жазды korrespondent. 

Полиция қызметкерлері одан шатырға не үшін шыққанын сұрады. Ол шатырдан айналаны суретке түсіргім келді деп жауап беріпті.  

"Оның үсті-басы әбден былғаныпты, құдды бір 18-ғасырдағы мұржа тазалаушы ма дерсіз", — деп атап өтті дәріхана иесі Грег Гибсон.