Өңірлер

Жыраға көміп кеткен: Оңтүстікте жас жігіт көлігін сатамын деп ажал құшты

Бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған күдікті мәйітті қайда жасырғанын айтты
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Полиция бірнеше күн бұрын жоғалған жас жігітті өлтірді деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады.

Екі күн бұрын Шымкент қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арызданған. Ол 26 жастағы ұлының жоғалып кеткенін мәлімдеді. Полицейлер анықтағандай, жас жігіт жергілікті базарға өзінің "Toyota" автокөлігін сатуға кеткеннен кейін жоғалып кеткен. 

Үш баланы көміп кеткен қаскөй көршілерінен кек алмақ болғанын айтты

Алматы облысы Қарасай ауданының тәртіп сақшылары күдіктіні табуға көп уақыт жұмсаған жоқ.

"Іздеудегі жігіттің иномаркасын сатып алмақ болған жергілікті тұрғындардың бірі анықталды. Бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген 36 жастағы ер адам жауап алу кезінде көлік иесін өлтіргенін мойындап, мәйітін көміп тастаған жерді көрсетті", — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі. 

Көршілес Жамбыл ауданындағы жыраға көмілген "Тойотаның" бұрынғы иесінің денесі табылып, эксгумация жасалды, қажетті сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметі.