Қоғам

Қазақстанды қалың тұман басады

Синоптиктер еліміздің батысы мен оңтүстігінде дабылды ескерту жариялады
Sputnik

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның екі облысында қалың тұманға байланысты дабылды ескерту жарияланды. 

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

"6-7 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал 6-8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі", — деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ Қызылорда облысында

6 желтоқсан күні күндіз, 7-8 желтоқсанда шығыс, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 Айта кетейік, Қазақстанда температура аздап көтеріліп, ауа райы суық болады деп болжанып отыр. Қар-жаңбыр жаумайды. Осыған байланысты көктайғақ қаупі туындауы мүмкін.