АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесі қиылысында көлік апаты болды.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Рысқұлов бойымен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатады. Тілендиев көшесімен қиылыстан өте бергенде, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік бордюрге шығып, металл дуалдың төрт бөлігін бұзыпты.
Жол апатынан көлік жүргізушісі зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.