Өңірлер

Қазақстанның оңтүстігінде із-түзсіз жоғалып кеткен қыз табылды

Жоғалған бойжеткен Отар станциясындағы әскери бөлімге аспаз көмекшісі болып жұмысқа орналасқаны белгілі болды
Sputnik

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Түркістан облысына қарасты Келес ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғыны табылды.  

Өңір полицейлері 22 жастағы Ұлжалғас Мұсаеваны іздеп тапты. Жоғалған қыздың көрші облыстың аумағында жұмысқа орналасып үлгергені де анықталды.

Қостанайда жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Еске сала кетейік, 21 қарашада Келес аудандық ІІБ-не Ұлжалғас Мұсаеваның анасы келіп, қызының жоғалып кеткені туралы арызданған. 1996 жылы туған қыз бала 17 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ата-анасы қыз баланың құрбысымен белгісіз жаққа бет алған болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлады otyrar.kz.  

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде із-түзсіз жоғалған бойжеткенді Жамбыл облысының аумағынан тапқан. Хабар-ошарсыз кеткен қыз өзінің құрбысымен Отар станциясындағы әскери бөлімге аспаз көмекшісі болып жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

1 желтоқсан күні Ұлжалғас үйіне қайтарылды. Полицейлер оқиғаның себеп салдарын, мән-жайын анықтап жатыр.