Спорт

"Астана" велошабандозы жол апатына ұшырады

Ол құрбысымен бірге апатқа түскен, қызға ота жасалуы керек
Sputnik

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. "Астана"велошабандозы Омар Фраиле жол апатына түсті.

Қазақстандық велошабандоз Әлем кубогының алғашқы кезеңін жеңіп алды

Омар Фраиле мен оның құрбысы жексенбі күні Испанияда жол апатына ұшырапты. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ екеуі де жарақат алды.  Фраиленің қабырғасы шытынаған. Ал қыздың қабырғасы сынып, омыртқасына зақым келгендіктен, ота жасалуы тиіс.

Омар Фраиле — 28 жастағы испан кәсіби шоссе велошабандозы, қазір Astana Pro Team командасы құрамында. Ол ірі веложарыстарға қатысып, "Джиро д"Италия" кезеңдерінің бірінде, сондай-ақ "Тур де Франс" және басқа кезеңдерде жеңімпаз атанған.

Велокомагданың ресми порталында хабарланғандай, "Омар – көпкүндік жарыстарға қатысуға әлеуеті жоғары шабандоз".