АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Airbus-320 ұшағы қозғалтқышының қаптамасы көкке ұшқаннан кейін сынып, шашыла бастаған.
Бұл жағдайды жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алады. Ұшақ Frontier Airlines әуе компаниясына тиесілі. Ұшақта 171 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған, ешкім зардап шеккен жоқ.
USA Today хабарлауынша, оқиға 30 қарашада болған. Жолаушылар ұшағы Лас-Вегастың Мак-Карран әуежайынан ұшып шығады, ол Тампаға қонуы тиіс еді. Аспанға көтерілгеннен кейін біршама уақыттан соң бірнеше жолаушы қозғалтқыштың қаптамасы шашылып жатқанын көріп қалып, бортсеріктерге хабарлайды.
Олар өз кезегінде ұшақтың капитанына жеткізген. Осыдан кейін апатқа ұшырамас үшін дереу әуежайға қайту шешімі қабылданады.