АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Америкалық әнші Ариана Гранде thank u, next әніне бейнебаян түсіріп жариялады. Ролик YouTube желісінде 5, 10, 25 и 50 миллион көрсетілім жинаудан бүкіл рекродты жаңартты. Бірінші миллионды небәрі 35 минутта жариялаған.
Желі өкілдері қалжыңдап, "клиптің жақсы шыққаны сонша, интернетті бұзды (YouTube-те пікір қалдыру бойынша қиындық туғызған)" деді.
Бейнебаянды бір тәулік ішінде 64 миллион адам тамашалап, YouTube желісінде жүзден астам елде танымал видеолар қатарында болған. Роликке 5 миллион адам лайк басып, пікірлер саны 400 мыңнан асып бара жатыр.