3 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен естеқалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
3 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Күнтізбеде Оң жауаптар күні деген аты да заты да қызық мереке бар. Ол жыл сайын 3 желтоқсанда аталып өтеді. Мерекенің мәні мынада: сұрақ қойған адам өз сауалына оң, яғни өзі қалаған жауапты алуы керек. Бір айта кетерлігі, сұрақ қойған адам үшін "иә" деген әрдайым оң жауап бола бермейді.
Бүгін әлем елдері Халықаралық мүгедектер күнін атап өтіп жатыр. Бұл күні мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірігіп, жұртшылық назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемасына аударады. Түрлі конференциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылып, жарымжан жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер көтеріледі.
Сондай-ақ бүгін – Бүкіләлемдік компьютерлік графика күні. Бұл мерекенің датасы кездейсоқ таңдалып алынған жоқ: 3D – 3 December (ағылшын тілінен аударғанда желтоқсан деген сөз).Әлем дизайнерлері мен графиктері бұл идеяны мақұлдап, қолдады. Әзірге бұл мереке ресми емес. Аталған датаны үш өлшемді сурет жасаушылар ғана емес, компьютерлік графикамен жұмыс істейтіндердің барлығы атап өтеді.
3 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1586 жылы Англияға алғаш рет Америкадан картоп әкелінді;
1959 жылы әлемдегі алғашқы "Ленин" атом мұзжарғышын сынақтан өткізу сәтті аяқталды;
1989 жылы Прудентополис (Бразилия) қаласында Тарас Шевченкоға ескерткіш ашылды;
1992 жылы алғашқы SMS-хабарлама жіберілді.
3 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
2008 жылы Қарағандыда Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды;
2009 жылы Қазақстандатағы екі марка халықаралық пошта айналымына шығарылды;
2010 жылы Алматыда халықаралық ислам экономикасы және қаржы институты ашылды;
2014 жылы Қазақстан – Түрікменстан – Иран трансұлттық темір жолы ашылды.
3 желтоқсанда әлемде туған танымал тұлғалар
1930 жылы франко-швейцар кинорежиссері, кино сыншы, актер, сценарийші және кинопродюсер Жан-Люк Годар дүниеге келді;
1934 жылы генерал-майор, КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте иеленген Виктор Горбатко өмірге келді;
1934 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино әртісі Нина Доронина туды. РКСФР халық әртісі. "Любовь и голуби" фильмінде Надюханың рөлін сомдаған;
1948 жылы британиялық музыкант, "Black Sabbath" тобының негізін салғандардың бірі және "алтын құрамның" қатысушысы Оззи Осборн дүниеге келді.
3 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туды
1908 жылы жазушыОмарбай Малқаров дүниеге келді;
1943 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев өмірге келді;
1948 жылысуретші-реставратор, гобеленші, Қазақстан көркемөнер академиясының академигі Шәміл Қожаханов туды;
1948 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева дүниеге келді;
1970 жылы "Астана" футбол клубының президенті Саян Хамитжанов өмірге келді;
1978 жылы Қазақгуманитарлық заң университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев туды.
Ай күнтізбесі
Ай Таразы белгісіндеорналасады. Сиқыр мен тосын сыйға толы ерекше күн. Бүгін сізді мазалаған проблемалардың біразы өз-өзінен шешіле салады. Жақындарыңыз таңғалдырса, жұмыстағы әріптестеріңіз жақсы жаңалықтармен қуантады.