АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы язды, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауады, кей жерлерде қалың қар жауып, жел, бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.
Түркістан, таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман түседі, бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасындатады.
Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.