Қоғам

Қазақстан Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр

Бұл күні жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан алдындағы ерен еңбегін атап өту мақсатында әр түрлі мерекелік және мәдени шаралар өткізіледі
Sputnik

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Бүгін, 1 желтоқсан күні Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтіп жатыр. Ел тұрғындары үшін жаңа мереке және демалыс күні алты жыл бұрын пайда болды.

2011 жылдың желтоқсанында сенаторлар пленарлық отырыста президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген ерен еңбегін атап өтіп, мойындау мақсатында 1 желтоқсанды мереке жасау туралы заң қабылдады.

Қыстың алғашқы күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда Қазақстанның қазіргі президенті 98,7% дауыс жинады.

Назарбаевтың өмірінен қызықты деректер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда алғашқы шешімдерінің бірін қабылдап, Қазақ КСР-ны Қазақстан Республикасы деп атау туралы заңға қол қойды. Ал тағы алты күннен кейін – 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанды егемен мемлекет ретінде жариялауды білдірді. 

 1991 жылдың бірінші желтоқсаны Қазақстан үшін шынымен де тәуелсіз елдің даму жолын анықтайтын өте маңызды және тағдыршешті күн болды. 

Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдерінде бірқатар нысанға Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген. Биыл парламент Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң қабылдады. 

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру, ұйымдармен халықаралық келісімдер мен көп векторлы саясат Қазақстанға өзін тұрақты дамытатын демократиялық ел ретінде жариялауға мүмкіндік берді.

Дәстүр бойынша мереке мемлекет басшысының байрағын көтеріп, мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру салтанатынан басталады. Сондай-ақ, мереке қарсаңында және осы күні ел көлемінде түрлі мәдени, спорттық және басқа да мерекелік шаралар өткізіледі.