Қоғам

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды

Токиода екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшылары, халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті
Sputnik

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев 2018-2022 жылдар аралағына Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Атқарушы комитетіне мүше болып сайланды, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. 

Шкарупаның орнына жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

Токиодағы Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас ассамблеясында әлемдегі 206 ҰОК арасынан кандидаттар қаралды.

Айта кету керек, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті қызметін де атқарады.

28-29 қарашада Жапония астанасында жалпы саны екі жүзден астам елдің Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің басшылары, әлемдік спорт ұйымдарының басшылары мен халықаралық спорт федерацияларының президенттері кездесті. Спорттық форумға жалпы саны 1400-ден аса адам қатысты. Бұл осы жиынның тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (ҰОКҚ) қазіргі уақытта 206 ұлттық олимпиадалық комитеттің басын біріктіреді, ұйымды Халықаралық Олимпиада комитеті мойындаған.

Қауымдастық 5 құрлықтық бірлестікке бөлінеді – Африка, Америка, Азия, Еуропа және Океания.