АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареспен үшінші рет кездесу құқығына ие болу үшін, алдымен, Джермалл Чарломен кездесуі керек деген шартқа қалай қарайтынын жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Геннадидің карьерасын ұйым емес, боксшының өзі ғана басқарады. GGG-дің әрі қарай кіммен жұдырықтасатынын олар шешпейді. Егер үшінші жекпе-жек болатын болса, оның шарттары екі тарапты да қанағаттандыруы тиіс. "Канелоның" жарнамаға қатысты және өзіне керекті жұмыстарының барлығы ойдағыдай жүріп жатыр. Головкин оралған кезде бар назарымызды осы үшінші жекпе-жекті өткізуге бағыттайтын боламыз", — деді Абель Санчес K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында.
Десе де, ол бұл жекпе-жектің реті келмесе, аталған жағдайға мойынсұнуға дайын екенін жасырмады.