Мәдениет

Назарбаев "Елбасы жолы. Астана" көркем фильмінің премьерасына барды

Кинокартина "Елбасы жолы" киноэпопеясының бір бөлігі саналады
Sputnik

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Елбасы жолы. Астана" көркем фильмінің премьерасына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев режиссер А.Сатаевтың "Елбасы жолы. Астана" фильмін көруге барды. Бұл картина – "Елбасы жолы" киноэпопеясының бір бөлігі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Елбасы жолы. Астана" көркем фильмінің премьерасына барды

"Елбасы жолы. Астана" фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады.

Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.