Қоғам

"Отыз бес градус аяз" Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК желтоқсан айындағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, желтоқсан айының алғашқы күндері ауа райы құбылмалы болады, кей өңірлерде сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, желтоқсан айының алғашқы күндері суық атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым аумағында қар жауып, ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте жел күшейіп, бұрқасындатса, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейін ел аумағына ығысқан суық антициклоннан күн ашылып, ауа температурасы төмендейді. 

 

  • 1-2 және 4-5 желтоқсан аралығында батыста, солтүстік-батыста түнде —10….-20 градус, күндіз —5…-10 градусқа дейін аяз;
  • 1-2 және 4-7 желтоқсан аралығында солтүстікте, орталықта және шығыста түнде —15….-25, кей жерлерде —30, күндіз —10…-18 градусқа дейін аяз; 
  • 1-3 желтоқсан күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы —8….-18, күндіз —2…-10 градус;
  • 1-2 желтоқсанда оңтүстік-батыста түнде —2…-10 градус аяз, ал күндіз +2….+5 градусқа дейін жылы. 

 

Айдың екінші онкүндігінде ауа температурасы көтеріледі: 

солтүстікте түнде —5….-15, күндіз 0…5 градусқа дейін аяз; 

оңтүстікте түнде 0…5 градус суық, күндіз +2…+3 градус жылы. 

"Тәуелсіздік күні мерекесі мен үшінші онкүндіктің ортасында күн тағы да суытады. Солтүстікте түнде 25….35, оңтүстікте 15….25 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр", — деп хабарлады синоптиктер. 

Маңғыстау облысының басым бөлігінде айлық жауын-шашын мөлшері нормадан аз болса, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының басым аумағында және Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде нормаға жуық, ал қалған аумақта нормадан көп болады деп болжануда.