Өңірлер

Петропавлда автобуспен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі тіл тартпай кетті

Петропавлдың Борки ауылы маңында ірі жол апаты болды
Sputnik

ПЕТРОПАВЛ, 29 қараша — Sputnik. Петропавлда жеңіл көлік пен бағдарлы автобус соқтығысып қалды, көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Қолданушылар қайғылы оқиға болған жол учаскесінің апатты жағдайда екенін айтады, соңғы кездері кемінде алты көлік сол жерде жыраға түсіп кетіпті.

Петропавлдағы жантүршігерлік жол апаты

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жол апаты болғанын растады.

Көлік кеден бекетінің қоршауына соғылды – екі әйел қаза тапқан

"29 қарашада 13:45-те Петропавл қаласының Борки ауылы маңында 1976 жылы туған ер адам Volkswagen көлігін айдап келе жатып, 27-ші бағдарлы автобуспен соқтығысып, салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Жол апатына қатысты бірқатар сараптама тағайындалды", — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Бағдарлы автобуста сегіз жолаушы болған. Қазір көлік апатының мән-жайы мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр.