Қоғам

Астанада барлық оқушыға сабақ болмайды

Синоптиктер елордада дабылды ескерту жариялаған болатын
Sputnik

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Бүгін Астанада ауа райының бұзылуына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Қандай жағдайда мектепте сабақ болмайды?
"29 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді", — делінген білім басқармасының хабарламасында. 

Синоптиктер бүгін еліміздің солтүстігінде боран соғатынын ескерткен еді. Қазгидромет Ақмола облысы мен Астанада дабылды ескерту жариялады.