Өңірлер

Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған

Он жылдан бері қашып жүрген 40 жастағы әйел Қазақстанда тұрмыс құрып, екі бала сүйіп үлгеріпті
Sputnik

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Түркістан облысы мен Тараз полицейлері моншаларды тінтіп, жезөкшелер ордасын тапты.   

Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген

Күнгейдің сауна-моншаларын түгел тінтіген түркістандық полицейлердің жолы болды. Олар 20-дан астам жезөкшені тіркегді. Сондай-ақ моншаларда жеңіл жүрісті қыздарды клиентке көрсеткені үшін ақша алып жүрген "жеңгетайлар"да істі болды. Тіпті, біреуі жеңгетайлығын жасыру үшін сауна әкімшісі болып қызмет етіп келген. Бұл бойынша да сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады КТК.    

Осы рейд барысында тәртіп сақшылары Өзбекстанда адам сатып, іздеуде жүрген әйелді ұстады. 10 жылдан бері қашып жүрген 40 жастағы әйел Қазақстан азаматтығын алып қана қоймай, тұрмыс құрып, ұл мен қыз сүйіп үлгеріпті. 

Тараздық полицейлер де жергілікті көңіл-көтеретін орындардан жезөкшелерді ұстаған. Саунада тәнін саудалаған қыздардың ішінде Ресей, Өзбекстан мен қырғызстандық бикештер де бар. 

Тараздың тәртіп сақшылары бір түн ішінде жалпы саны 23 "түнгі көбелекті" есепке қойды.