Қоғам

Президент: 15 жасыма дейін тойып тамақ ішкенім есімде жоқ

Президент соғыстан кейінгі жылдары ақшасыз жүріп, қара жұмыс істеуге мәжбүр болған күндерін еске алды
Sputnik

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды еңбектенуге шақырып, өзінің кәсіби жолын қалай бастағанын еске алды.

Мемлекет басшысы бүгінде жастардың тегін кәсіби-техникалық білім алу мүмкіндіктері бар екенін айтып өтті.

Назарбаев: өмірден түңілсеңіз, зират басына барыңыз
"Қазақстанда барлық адам үшін жұмыс табылады. Барлық жерде бос жұмыс орындары болғандықтан, ешбір адам жұмыссыз жүрмеуі тиіс. Басты мәселе адамдардың белгілі бір кәсібі жоқтығында болып отыр. Мысалы, Астанада тас қалаушы мен металды дәнекерлеушілер жетіспейді. Қазір жастар әскерге шақырту алып, колледж бен университеттерде білім алып жатыр. Бірақ осылардың ешқайсысына да бармайтын белгілі бір бөлік бар. Осы адамдар кәсіби білім беретін оқу орындарына барып, маманға айналуы тиіс", — деді Назарбаев Астана қаласындағы Азаматтық қоғам пленарлы отырысы кезінде.

Ол үкіметтік емес ұйымдарға осы мәселемен айналысуды тапсырып, жастарға еңбектенуге дайындала беруі керектігін айтты.

"Өзім осындай болдым. Өмірімді болат қорытуды үйреткен кәсіби-техникалық училищеде бастадым. Соғыстан кейін кедейшілік келді, киім сатып алуға ақшамыз болмады. 15 жасыма дейін қарным тойып тамақ ішкен кезім есімде жоқ. Бәлкім осыдан да денсаулығың жақсара түсетін шығар", — деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз:

Президенттің айтуынша, училищеден кейін ауыр жұмыс істеп, домна пешінің жанында аяғынан тік тұрып еңбектенген.

Президент: мемлекеттік қызметкер тек жеті сағат жұмыс істеуі керек
"Осының барлығын өткеруім керек болды. Сол себепті жастар еңбектенуге үйренулері тиіс. Өмірде барлық нәрсе әділетке негізделген деп ойлаудың қажеті жоқ. Әділетсіздікті өткере білу керек. Джон Кеннеди айтпақшы, билік мен үшін не істеді деп емес, керісінше мен билік үшін не істей аламын деп ойлау керек", — деді мемлекет басшысы.

Назарбаев үкіметтік емес сектор тұтынушы болудан емес, патриотизмнен күш-қуат алуы керектігін айтты.

Азаматтық форум астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.  — осы шараның ақпараттық қолдаушысы.