АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы АИТВ-ны (ВИЧ) анықтауға арналған жедел тестілеудің жаңа әдісін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Тестілеу бізде жоғары сапада жүргізіледі. Біздің орталық нәтиженің сенімділігіне кепілдік береді. Жыл сайын халықтың кем дегенде 10 %-ы тексерістен өтуі қажет. Қазір сілекей арқылы АИТВ-ны анықтау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр", – деді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдіраимов.
Республикалық орталық болашақта Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, үкіметтік емес ұйымдардың жедел тестілеуіне мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыруға ниетті.
"Дәлірек айтқанда, жүктілікті анықтау сияқты әрбір адам өз мәртебесін жылдам біле алатын болады", – деді С. Әбдіраимов.