Спорт

Головкиннің промоутері оның келесі жекпе-жегінің мерзімін нақтылады

Геннадий Головкин 2019 жылдың наурызынан мамыр айына дейінгі аралықта келесі кездесуін өткізеді
Sputnik

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super)/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы  Геннадий Головкиннің болашақ теле-серіктесімен ынтымақтастығына қатысты кейбір мәліметтер жария етілді, деп хабарлады Sports.kz.

Танымал бапкер Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

Қазіргі уақытта GGG-мен келісімшарт жасауға ESPN арнасы мен DAZN стримингтік сервисі үміткер болып отыр. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер алдағы күндері Генадиймен оның карьерасын қай бағытта жалғастыруға болатынын талқыламақ. Оның айтуынша, Головкин жыл соңына дейін бұл жайында шешім қабылдауы тиіс. Соған қарамастан, бродкастерді (хабар таратушы) таңдау қазақстандықтың көктемге жоспарланып отырған келесі жекпе-жегінің мерзіміне әсер етпейді.

360/GGG Promotions компаниясының басқарушы директоры атап өткендей, Головкиннің теле-серіктесі кім болатынына қарамастан, боксшы 2019 жылдың наурызынан мамыр айына дейінгі аралықта рингке оралуды жоспарлап отыр.  

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдан бастап Геннадий Головкин HBO тележелісімен келісімшартқа отырған болатын, ол келесі жылдан бастап бокс жекпе-жектерін таратуды тоқтатады.