АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Дағыстанның еңбек сіңірген әртісі Машидат Омарасхабоваға өз үйінің ауласында шабуыл жасалды.
Әншіге оқ атқан, деп жазады РИА Новости, республика бойынша ішкі істер министрлігі басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккен әйел тірі қалды. Дәрігерлер оған тез арада жәрдем көрсеткен.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Машидат Омарасхабова (@mashidat_official) 23 Ноя 2018 в 12:49 PST
Әртіске ота жасап, жансақтау бөліміне ауыстырды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет бойынша, әншіні жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.