АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Max Muay Thai турнирі кезінде тай боксшысы Гоу Дакуй қарсыласын ғана емес, төрешіні де нокдаунға жіберді.
Жекпе-жектің видеосын Yodsanan есімді қолданушы твиттердегі парақшасында жариялаған.
"Max Muay Thai турнирінде бүгін қызықты жайт болды: Гоу Дакуй қарсыласы мен төрешіні бір мезетте ұрып құлатты", — деп жазды ол.
Төреші жекпе-жекке араласа бастаған кезде, тай боксшысы оны басынан бір тепкен. Төреші жерге құлап, көп ұзамай есін жиды, деп хабарлайды rsport.ria.ru.
Тартысты жекпе-жек Дакуйдің жеңісімен аяқталды.