Оқиға

Астанада кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың денесі табылды

Кәріз құдығы Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан
Sputnik

АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәліметінше, бүгін Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында құтқарушылар беті ашық тұрған кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың мәйітін шығарды. 

Марқұм туған-туысқандарымен кеше сағат 16:00-ден бері байланысқа шықпаған. 

Еске сала кетсек, ақпан айында Көкшетауда екінші сынып оқушысы құдыққа құлап кеткен еді. Айғайлап көмек сұраған баланың даусын 12 жастағы оқушы естіген. Ол бірден құтқарушыларға хабар беріп, мектептегі адамдарды көмекке шақырған.