Қоғам

Қазақстанда күн суытады

"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріндегі ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан арқылы ығысқан атмосфералық ағымдардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" орталығының инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаеваның айтуынша, республиканың бірқатар облысында ауа температурасы климаттық нормаға дейін төмендейді. 

"Сенбі күні солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда қар жауып, бұрқасындатады, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Жекелеген аудандарда тіпті 30 метрге дейін күшейеді деп болжанып отыр", — деді Сайлыбаева. 

Астанада осы демалыс күндері аздап қар жауып, екпінді жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы —3, —5 градусты, күндіз одан әрі төмендейді. 

25-26 қараша күндері қар жауып, бұрқасындатады. 

Алматыда да ауа райы жауын-шашынды, жел тұрады. Түнде 2-4, күндіз 9-11 градус жылы.