Әлем

"Қап, қармағым, қап!" Балық ұстаймын деп әлегі шыққан мысық жұртты күлдірді

Желіде шыр-пыры шыққан мысықтың видеосын миллионнан астам адам тамашалаған
Sputnik

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Сары мысық интернет қаһарманы атанды. Мұзға қатып қалған балықты ұстамақ болған жануардың видеосын миллионнан астам адам тамашалапты.

Мысық судың әртүрлі күйі жайында бейхабар сияқты, қатып қалған балықты ұстап аламын деп шыр-пыры шықты. Бұл оқиғаның видеосын Twitter желісінде Paul Bronks жариялаған.

Үш күн ішінде видеоны көргендер саны 1,17 миллионға жетіп, ондаған мың лайк жинапты.