Өңірлер

"Қалың қар түседі". Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

24-26 қарашаға жасалған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Қазақстан арқылы жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалынан республиканың басым бөлігінде қар жауады. 

Ал сенбіде республиканың солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында кей жерде қалың қар түсіп, бұрқасындатады, екпіні 23-28 м/с батыс бағытындағы жел соғады. Ал кейбір өңірлерде желдің күші 30 м/с болады. 

Сонымен аномальді жылудан кейін ауа температурасының климаттық нормаға дейін төмендеуі болжанып отыр.