АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Лос-Анджелесте тұратын Пол Гонсалес 120 күнге түрмеге жабылды. 45 жастағы жергілікті тұрғын қыздарды мейрамханаға шақырып, кеш соңында өз серігін жалғыз қалдырып кетуді әдетке айналдырып алған.
CBS телеарнасының мәліметінше, екі жылда алаяқ кемінде 10 әйелді алдап, оларға 950 доллар шығын келтірген. Әдетте алаяқ асшаян мен еттен жасалған тағамға тапсырыс береді екен.
Айта кету керек, құрбандар көбінесе екі адамға ақы төлеуге мәжбүр болған, екі рет қана шығынды мекеме мойнына алыпты, деп жазды life.ru.
Қазір Гонсалес жазасын өтеп жатыр, түрмеден шыққан соң оған үш жыл сынақ мерзімі беріледі. Сондай-ақ, сот алаяқққа танысуға арналған сайттар мен қосымшаларды пайдалануға тыйым салды.