АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. SquareTrade компаниясының сарапшылары америкалықтарға зерттеу жүргізіп, смартфонның бұзылуының ең жиі кездесетін себебін айтты.
Зерттеуге сүйенсек, адамдардың 66 пайызы өз телефондарын өздері сындырып алған. Сондай жайттардың жартысында (29%) телефонның экраны сынған екен – АҚШ-та бір жыл ішінде 50 миллион гаджет бұзылған. Оны жөндеуге барлығы 3,4 миллиард доллар кетіпті.
Телефон иелері экранға сызат түскенде (27%), батареясы істен шыққан кезде (22%), корпусының қырлары ұрылғанда және сенсорлық басқару істемей қалғана (16 пайыздан) жөндеу шеберханаларының көмегіне жүгінеді.
Сарапшылардың айтуынша, смартфонның сынып қалуының жиі кездесетін себебі – адамның дұрыс пайдаланбауы. Абайсызда жерге құлатып алатындар ең көп кездеседі екен (74%). Суға құлатқандар — 39%, әжетханаға құлатқандар — 26%.
Сонымен бірге тұтынушылар телефонды жөндеуге қанша кететінін білмей, сынған смартфонды ұстап жүре береді немесе жаңасын сатып алады.