АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушы жұбы халықаралық турнирде алғаш рет өнер көрсетеді.
Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов Эстонияда 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін Tallin Trophy-2018 жарысында еліміздің намысын қорғайды.
Бас бапкер Құралай Ұзырова айтып өткендей, мәнерлеп сырғанаушы Жансая Адыханова былтыр қысқы Универсиадада жеке разрядта қатысқан.
"Уақыт өте келе Жансая мен Әбішті жұп қылуға шешім қабылдадық. Жансаяның өзі ниет білдіргеніне қуанамыз. Олардың болашағы бар", — дейді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Abish Baitkanov (@abaitkanov) 20 Апр 2018 в 7:54 PDT
Таллинде Қазақстан атынан бірнеше спортшы қатысады. Әйелдер арасында 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Айза Имамбек бақ сынаса, ал ерлер арасынан Артур Панихин мен Никита Манько бәйгеге түседі. Барлық мәнерлеп сырғанаушы жаңа бағдарламамен өнер көрсетпек.