Оқиға

Алматыда бір көлік екіншісін бүйірден соғып, ұшырып жіберді - фото

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі де зардап шекті
Sputnik

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Алматыда Гагарин – Қожанов көшелері қиылысында жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Honda Element Гагарин бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, солға Қожанов көшесіне бұрыла бастайды. Сол кезде қиылыста бағдаршам істемей тұрған. Сөйтіп, жүргізуші оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

1 / 3
Апат салдары
2 / 3
Екі жүргізуші де зардап шеккен
3 / 3
Апат салдары

Honda Camry-ді бүйірінен соқты. Қатты соққыдан көлік ығысып, арыққа ұшып түсті.

Жол апатынан екі көліктің иесі де зардап шеккен. Олар әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.