АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр соңы жабысқақ қарға ұласады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар, қатты жел мен көктайғақ болады.
"Мұндай күрделі метеорологиялық жағдай Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі кезінде байқалады", — деп хабарлайды синоптиктер.
Алайда, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары да жауын-шашынды болады. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалынан жаңбыр, жабысқақ қар жауады.
24 қарашада таулы аймақтарда қалың қар түсіп, тұман, көктайғақ болады, сондай-ақ батыс бағыттағы күшті екпінді жел соғады.