Өңірлер

Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты

Түркістан қалалық прокуратурасының экс-прокуроры әйелін жұмыс орнында бірнеше жерінен пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан кетіп қалған
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 19 қараша — Sputnik. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз әйелін аяусыз пышақтап өлтірген Түркістан облысы Түркістан қалалық прокуратурасының бұрынғы қызметкерін 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарын атып кетті
Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбінің хабарлауынша, іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Сот тергеуі кезінде сотталушының айыбы толық дәлелденді. 

"Соттың үкімімен Қанат Исаұлы қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады", —  дейді Дүйсенбі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда бұрынғы прокуратура қызметкері әйелін туған күнімен құттықтап, татуласу үшін оның жұмыс орны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне барған. Бірақ екеуі бұрыннан келе жатқан бас араздығымен қайта ұрысқан. Содан кейін сотталушы әйелін бірнеше рет пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан кетіп қалған. 

Тағы оқыңыз:

Ол әуелі Шымкенттегі Абай аудандық прокуратурасында, содан кейін Түркістан қалалық прокуратурасында прокурор болып жұмыс істеген. 

Марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған үш баласы қалды.