Оқиға

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Күдіктілердің үйінен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрі табылды
Sputnik

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Радикалды діни нанымдар негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның қызметіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазақстандық WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары 2018 жылдың 15 қарашасында өткен.  

Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.  

17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

1 / 2
Предполагаемых террористов с боеприпасами задержали в Актобе

Читать далее: https://ru.sputniknews.kz/incidents/20181119/8136439/zaderzhanie-boepripasy-terroristy-aktobe.html
2 / 2
Дома у задержанных нашли компоненты самодельных взрывных устройств, оружие и боеприпасы

Читать далее: https://ru.sputniknews.kz/incidents/20181119/8136439/zaderzhanie-boepripasy-terroristy-aktobe.html