АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Тергеу барысында 60 жастағы ер адамның 1996 жылы жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың өліміне қатысы бар екені анықталды. Қыздың мәйіті айыпталушының бұрынғы үйінен табылған, деп хабарлайды НТВ.
Кейінірек ер адамның өзі мойындағандай, жанжал кезінде қызды күшпен жібермей қойыпты, алайда қыз жұлқынып, басын қатты соғып алып, көз жұмған екен. Жауапкершіліктен қорыққан ер адам мәйітті тығып тастайды.
Вологда қаласындағы Тергеу комитетінің басқармасы атап өткендей, қылмыстық қуғындаудың уақыты өтіп кеткендіктен, ер адамға бұл қылмысы үшін айып тағылмайды.
Вологда тұрғыны 30 жастағы сүйіктісін өлтірді деген күдікпен ұсталған. Жанжал кезінде ол әйелді буындырып өлтіріп, мәйітін бөлшектеп, ескі гаражда өртемек болады. Ал мәйіттің қалған бөлігін қанішер өз пәтеріндегі балконның астына тастап, еденін цементтеп тастайды.
Итімен серуендеп жүрген әйел мәйіт қалдығын тауып алып, ақыры соңында күдіктінің өзі де қолға түскен. Қазір ер адам қамауда отыр.