20 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
20 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгін Дүниежүзілік балалар күні аталып өтеді. Бұл мереке ресми түрде 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті шешімінің арқасында пайда болды. Мереке сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы баланың құқықтары туралы декларация қабылдаған күні аталып өтеді. Ол 1959 жылы қабылданған болатын. Бұдан басқа, 1989 жылы 20 қарашада баланың құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. Бұл күні еске алынатын негізгі проблемалардың арасында нәресте өлімін атауға болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес бүгінгі таңда әлемде бес жасқа дейінгі 11 миллионға жуық бала өледі. Көптеген бала жас кезінде мүгедек болып, қажетті білімге, сапалы медициналық көмекке және қалыпты өмірге қажетті басқа да жағдайларға қол жеткізе алмайды.
Тағы бір мереке – Трамваймен жүру күні. Мереке көліктің бұл түрінің күнделікті өмірде маңыздылығын еске түсіру үшін құрылды. Бұл әсіресе, автокөліктерді пайдалану салдарынан айтарлықтай кептеліс болатын ірі қалалардың тұрғындары үшін өзекті. Мереке көшені босату үшін трамвайға отыру қажеттігін еске салады.
20 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:
1963 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітулердің барлық түрін жою туралы декларация қабылдады;
1864 жылы Ресей империясының сот жарғысы қабылданды;
1979 жылы әлемде тұңғыш рет адамға жасанды қан құйылды;
1985 жылы Microsoft Windows 1.0 шығарылды;
1990 жылы сериялық кісі өлтіруші Андрей Чикатило қамауға алынды.
20 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1923 жылы "Советская степь" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді;
1998 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан "Заря" халықаралық ғарыш станциясының алғашқы модулі іске қосылды;
2004 жылы Павлодарда қазақ тілін үйрететін тегін жексенбілік мектеп ашылды;
2012 жылы Қазақстанда Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құрылды.
20 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:
— 1925 жылы Кеңес және Ресей балет әртісі, балетмейстер, актриса, Мессерер — Плисецкая театр әулетінің өкілі, 1943-1990 жылдары КСРО Үлкен театрының прима балеринасы Майя Плисецкая дүниеге келді;
— 1928 жылы Кеңес және Ресей театр және кино актері, кинорежиссер, сценарист, педагог және қоғам қайраткері Алексей Баталов дүниеге келді. КСРО халық әртісі. Социалистік Еңбек Ері. СҒЗЖ мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ("Тырналар ұшқанда", "Мәскеу көз жасына сенбейді" фильмдері);
— 1937 жылы кеңестік тележүргізуші, Орталық телевидениесінің дикторы, актриса Аза Лихитченко дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі. РКФСР халық әртісі;
— 1983 жылы танымал украиналық музыкант, "DZIDZIO" тобының мүшесі Михаил Хома дүниеге келді.
20 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді:
— 1933 жылы ақын, филология ғылымының докторы, профессор Тұрап Айдаров дүниеге келді;
— 1939 жылы қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы дүниеге келді;
— 1945 жылы жазушы, публицист, тарих ғылымының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев дүниеге келді;
— 1947 жылы Қазақстанның үшінші премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев дүниеге келді;
— 1954 жылы тарих ғылымының докторы, профессор, Халықаралық тарих ғылымдары академиясының академигі Бүркітбай Аяған дүниеге келді;
— 1958 жылы ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Мәди Қайыңбаев дүниеге келді;
— 1980 жылы қазақстандық әнші және актриса Дильназ Ахмадиева дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Тоқты белгісінде орналасады. Егер бұрыннан қандай да бір ауру мазалап жүрсе немесе басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, бүгінгі күн дәрігерге көрінуге қолайлы болмақ, бірақ операцияның кез келген түрін жасатпағаныңыз жөн. Сондай-ақ ұзақ мерзімді емдеуді бастасаңыз болады, ол міндетті түрде оң нәтижемен аяқталады.