АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Халықаралық бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкин, Сауль Альварес және Джермалл Чарло арасындағы мәселені қалай шешкенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"WBC "уақытша" чемпион мен міндетті түрде жұдырықтасуы тиіс қарсылас Джермалл Чарлоны Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеді. Головкин даулы шешімге көнгендіктен, тағы да жұдырықтасуға құқылы. Чарло — міндетті қарсылас, ал Головкин бірден реванш өткізуді талап етсе, "Канело" өзін қорғауды сұрады. Нәтижесінде Головкин "Канеломен" жұдырықтасуы үшін, алдымен, Чарломен кездесуді міндеттеп отырмыз. Осы жекпе-жек өтеді деген үміттемін", — деді Сулейман.
Осы уақытқа дейін Головкиннің командасы Чарломен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, оны өздері үшін қызықсыз деп тапқан еді. Геннадий мен оның промоутері Том Леффлер бірден "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге рұқсат беруді сұрап отыр.
Тағы да оқыңыз: Промоутері Головкиннің әлі сенбей жүргенін айтты
Көптеген сарапшы үшінші жекпе-жекті келер жылдың қыркүйек айына дейін ұйымдастыру қиынға соғатынын жазып жатыр.